Олигополия

Ежелгі грек тілінен аударғанда «олиго» саны аз дегенді, ал «полия» сатамын дегенді білдіреді. 


Белгілі бір нарықты бірнеше ірі компания бөліп алса, мұны олигополия дейміз. Ондай салада бәсекелестік аз болады. Олигополия деп аясы тар нарықты айтамыз, мысалы, автокөлік өндіру саласын. 




Олигополия белгілері: 


— тұтынушы көп, бірақ олардың қажетін қанағаттандыратын фирмалар аз, бұлар әдетте ірі компаниялар болып келеді.


— компаниялар шығаратын өнімдер ұқсас не бірдей болады;


— компаниялар бір-біріне еліктейді, мысалы, біреу бағасын түсірсе, екіншісі де сөйтеді, бірақ бағасын көтерсе, басқасы көтермеуі мүмкін, себебі клиенттерінен айырылып қалуы ғажап емес. Жалпы, мұндай салада бағаны реттеп отыру қиынға соғады;


— олигиополиялық нарыққа кіру өте қиын, өйткені бәсекелестер тым мықты.


Ұжымдық олигополия деген бар. Ондайда компаниялар өнім шығарарда, баға қоярда бір-бірімен келісіп отырады. 


Елдер олигополия мен монополияны (нарықты бір компанияның басқарып отыруы) реттеп отыру үшін антимонополия заңдар шығарады. Бізде Кәсіпкерлік туралы кодекс пен монополияға қарсы комитет бар. 


11 қаңтарда Мәжілісте сөз сөйлегенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда қалыптасып қалған жүйе елдегі олигополияны одан сайын күшейтіп жатыр» деді.


11/01/2022 17:31 3594 0

11/01/2022
17:31 3594 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление